blog Images

ЖАНТ мүшесі «Төлей ишан»мешітінде уағыз айтты

ЖАНТ мүшесі, Баянды ауылдық мешітінің бас имамы  Саламат Түгелбайұлы«Төлей ишан»мешітінің жамағатымен жүздесіп,«Қарыз алу-берудің шариғаттағы әдебі» жайлы уағыз айтты.

Өз уағызында имам қарызды уақытылы қайтару, келісімді әділ жасау және аманатқа берік болу мұсылманның басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ Құран аяттары мен хадистерден мысалдар келтіре отырып, қарызға немқұрайлы қарау – үлкен жауапкершілік екенін түсіндірді.

Жамағатқа тағылымды насихат айтылып, сұрақтарға жауап берілді.