Жант мүшесі “Сәби Атабайұлы” мешітінде ҚМДБ құжаттарын таныстырды
Жаңаөзен қаласының маңындағы Теңге ауылдық «Сәби Атабайұлы» мешітінде “Қосай ата” мешітінің бас имамы Бахарамұлы Нұрмұхаммед “Исламдағы сауда-саттық әдебі”тақырыбында жұма уағызын жүргізді.
ЖАНТ мүшесі құлшылық үйіне жиналған жамағатқа ҚМДБ қабылдаған екі құжат: «Қазақ халқының дәстүрінде және Ислам дінінде отбасы құндылығы» тұғырнамасы; «Құдайы ас беруде ысырапқа жол бермеу (мәзірі мен тәртібі)» құжатының мәні мен мазмұнын егжей-тегжейлі түсіндіріп, маңыздылығына тоқталды.

