blog Images

ЖАНТ мүшесі Қарақия аудандық мешітінде уағыз айтты

ЖАНТ мүшесі,Жаңаөзен қалалық “Шаңырақ” мешітінің бас имамы Еркеғали Әлбетов Қарақия аудандық орталық Құрық мешітінің жамағатымен жүздесіп,уағыз-насихат айтты.

Жамағатпен өткен рухани басқосуда Еркеғали Әлбетов “Ілім алудың артықшылығы” тақырыбында тұщымды насихат айтты.Сондай-ақ,мұсылман адам таным-парасатын арттырып, дүние-ақыретіне пайдалы болған, өзге де діни және дүнияуи әдебиеттерді оқып тұруы қажет екендігін түсіндірді.