ЖАНТ мүшесі «Мұханмедин Шихыұлы» мешітінде насихат айтты
Жант мүшесі, «Оразмағанбет ахун Тұрмағанбетұлы» мешітінің имамы Оразбай Адаев Қызылсай ауылдық «Мұханмедин Шихыұлы» мешітінде жамағатқа арнап «Тақуалық» жөнінде тағылымды уағыз-насихат жүргізді.
Уағыз барысында тақуалықтың мұсылман өміріндегі орны, Алладан қорқу мен шынайы құлшылыққа берілудің маңызы кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ, жамағатты күнделікті өмірде ізгі амалдарды арттырып, имандылықты күшейтуге шақырды.
Жамағат имамның насихатынан әсер алып, тақуалықты өмірлік ұстаным ету қажеттігін ерекше атап өтті.


