ЖАНТ мүшесі «Келімберді ахун»мешітінде насихат айтты
ЖАНТ мүшесі,Қызылтөбе ауылдық «Мұстафа» мешітінің имамы Айғабыл Шаденов Батыр ауылдық «Келімберді ахун Тұрмағанбетұлы» мешітінде «Жамағатпен намаз оқудың артықшылығы мен мән-маңызы» жайлы уағыз айтты.
Өз сөзінде имам жамағатпен оқылатын намаздың сауап тұрғысынан жеке намаздан жиырма жеті есе артық екендігін хадистермен жеткізіп, мұсылмандарды бірлік пен ынтымаққа шақырды. Сондай-ақ, жамағат намазы – мұсылмандар арасындағы бауырмалдықты күшейтіп, бір-біріне мейіріммен қарауға себеп болатындығын атап өтті.



