ЖАНТ мүшесі Баянды ауылдық мешітінің жамағатымен кездесті
ҚМДБ-ның ЖАНТ мүшесі, Қызылтөбе ауылдық «Мұстафа»мешітінің имамы Айғабыл Шаденов Баянды ауылдық мешітіне арнайы келіп, құптан намазы алдында жамағатқа тағылымды уағыз айтты.
Уағыз барысында «Ихсан ілімі» тақырыбын арқау етіп, мұсылманның әрбір іс-амалында шынайылық танытып, Алланың разылығына ұмтылуының маңызын түсіндірді. Сондай-ақ, құлшылықтағы ықылас, жүректің тазалығы және мінез-құлықтың көркемдігі туралы әсерлі насихаттар айтты.
Жамағат уағыздан мол мағлұмат алып, ұстазға өз сұрақтарын қойып, пайдалы жауаптар алды.


