ЖАНТ мүшесі “Әль-Хаким” мешітінде уағыз айтты
Баянды ауылдық мешітінің бас имамы,ЖАНТ мүшесі Айтбаев Саламат Түгелбайұлы Қызылтөбе ауылдық “Әль-Хаким” мешітіне барып,ақшам-құптан намазы арасында “Адал еңбек-мұсылманға міндет” тақырыбында уағыз-насихат айтып,мешіт жамағатымен кездесті.
Кездесу барысында адал еңбектің мұсылман баласы үшін қаншалықты маңызды екендігін айтты.Себебі, адал кәсіп шынайы мұсылманның барлық іс-әрекеттеріне ықпал етеді. Жамағат қойған сұрақтарға жауап беріп,адал жолмен табыс тауып,еңбек етуге шақырды.
