blog Images

Жаңаөзен:Құрбан айтқа дайындық жұмыстары пысықталды

“Ислам және отбасы құндылығы” жылы аясында Жаңаөзен қаласы орталық “Әбіш қожа” мешітінде Жаңаөзен қаласына карасты имамдарға Құрбан айтқа байланысты жиналыс өтті. 

Алқалы жиында Жаңаөзен қаласының бас имамы Қажымұқан Далубайұлы  мерекені жоғары деңгейде өткізу, құрбан малын соятын орындар мен қасапханалардағы санитарлық тазалықты қамтамасыз етуді тапсырып, мерекені біргелікті абыроймен аткарып шығуға шақырды.

Сонымен қатар,жиын барысында  ҚМДБ қабылданған концептуалды құжаттарды, “Бабалар ізімен” еңбегін жамағатқа таныстырудың маңыздылығы жайлы сөз қозғалып,дін қызметкерлеріне тиісті тапсырмалар берілді.