blog Images

Жаңаөзенде 35 отбасыға қайырымдылық көмек берілді

Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінде игілікке толы іс-шара ұйымдастырылып, 35 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді.

Шара аясында тұрмыс жағдайы төмен жандарға азық-түлік және қажетті тұрмыстық заттар табысталды. Мешіт имамы  жамағатқа арнап қайырымдылықтың мұсылман өміріндегі орны, оның сауаптары мен берекесі жайлы насихат айтты.

Жүректерге қуаныш сыйлаған игі іс жамағат тарапынан жылы ықыласқа ие болды. Мешіт ұжымы қайырымды жандарға алғыс айтып, бұл сауапты шаралардың алдағы уақытта да жалғасын табатындығын жеткізді.