Жаңаөзен қалалық “Шаңырақ” мешітінде ҚМДБ құжаттары насихатталды
“Ислам және отбасы құндылығы” жылы аясында Жаңаөзен қалалық “Шаңырақ” мешітінде имандылыққа үндеген маңызды жиналыс өтті.
Жаңаөзен қалалық мешітінде Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының филиалы ұйымдастырған маңызды ішкі жиналыс өтті. Бас имам Еркеғали Сағынбайұлы Альбетовтың төрағалығымен өткен жиын мешіт қызметкерлері мен имамдар үшін рухани, тәрбиелік, әрі ұйымдастырушылық жағынан пайдалы болды.Жиналыста қаралған басты мәселенің бірі — 10-15 жас аралығындағы балалар мен қыздарға арналған «Имани жаз – 2025» жазғы курсын ұйымдастыру. Бұл бастама жас ұрпақтың имандылыққа бет бұруына, Құран мен сүннетті үйренуіне зор мүмкіндік бермек.
Мешіт қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру, білімін жаңарту мақсатында алдағы аттестацияға дайындық барысы пысықталды. Бұл —
Бас имам Еркеғали Әльбетов мешіт қызметкерлеріне арнап «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» тақырыбында рухани тәрбиеге толы дәріс оқыды. Онда шынайы мұсылманның мінезі, тақуалығы, көркем мәмілесі жайлы айтылды.
Наиб имам Дінмұхаммед Қувандыков Астана қаласында өткен VI Имамдар форумының мазмұны туралы баяндап, қабылданған екі маңызды құжаттардың мәні мен мазмұнын егжей-тегжейлі түсіндіріп, маңыздылығына тоқталды.Атап айтқанда:
* Ислам және қазақ дәстүріндегі отбасы құндылықтары;
* Құдайы асты өткізу тәртібі және ысыраптың алдын алу секілді тақырыптар кеңінен талқыланды.
Жиын өз деңгейінде, мазмұнды және рухани тұрғыдан мәнді өтті. Қабылданған шешімдер — дін қызметкерлерінің бірлігін нығайтып, қоғамда ислами құндылықтарды дәріптеуге үлкен үлес қосатыны сөзсіз.



