Жаңаөзен имамдары жылдық жоспар бекітті
Бүгін Жаңаөзен қаласының бас имамы Қажымұқан Дәлубаевичтың ұйымдастыруымен жергілікті мешіттердің бас имамдарына арналған жиналыс өтті. Жиналыста 2024жылда атқарылатып жұмыс жоспарын айқындады.
Аталған жиында осы жылға арналған тапсырмаларды жеткізіп,ҚМДБ бекіткен бес бағыт бойынша жүйелі жұмыс жасап, имамдарға қоғаммен тығыз байланыста болу керектігін айтып, насихат жұмыстарын жандандыру керектігін алға тартты. Сонымен бірге, дін қызметкерлеріне арнайы жеке-жеке тапсырмалар жүктеді.
Сонымен қатар,қала бас имамы дін қызметкерлерін ауызбіршілікте болуға,бірлесіп жұмыс атқаруға шақырды.