blog Images

Жамағат арасында шағын футболдан сайыс өтті

Ақтау қалалық «Ержан Хазрет» мешітінің 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, мешіт ұстаздары мен жамағаты арасында “Тәні саудың жаны сау” атты шағын футболдан сайыс өткізілді.

Салауатты өмір салтын өскелең ұрпаққа дәріптеу, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында өткен спорттық шара қызықты әрі тартысты өтті.