blog Images

Жалғызбасты анаға қаржылай көмек көрсетілді

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітіне көмек сұрап келген Анастасия есімді жалғызбасты анаға қаржылай көмек көрсетілді.

Жұмыс орнынан жалақсысын екі айдан бері ала-алмай,пәтер ақысына қиналған келіншек мешітке үмітпен келді.Десе де, ешкімге салмақ салғысы келмеген ана қолынан келгенше бүлдіршіндерді асырап бағуда. Жақсылықты жанына серік еткен  мешіт жамағаты қажетті қаражатты жинап берді.

Айта кетейік,қарындасымыз бірнеше жыл бұрын Ислам дінін қабылдаған болатын.Анастасия өзінің тағдырына бейжайлық танытпай қиын-қыстау кезде қол ұшын созған  барша жамағатқа жүрекжарды алғысын айтты.