blog Images

“ЗЕКЕТ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ” ҚОРЫ МЕН ЕРІКТІЛЕР ОБЛЫСТЫҚ МЕШІТ АУЛАСЫНА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

ҚМДБ Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев  Маңғыстау облысына арнайы іссапармен келді.«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қор директоры мен еріктілер Маңғыстау облыстық орталық “Бекет ата” мешітінің ауласына тазалық жұмыстарын жүргізді.

«Таза Қазақстан» акциясы – тұрғындардың қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениет қалыптастыруға және қаламыздың санитарлық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізетін бастамалардың бірі.Ерікті жандардың қатысуымен өткен тазалық жұмыстары барысында құлшылық үйінің айналасы тазартылып, ағаштардың түбі қопсытылып, көгалдар суарылды.«Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев исламдағы тазалық турасында насихат айтып,игі шараға қатысқан еріктілерге алғыс айтты.

Мешіт ауласын тазалық жұмыстарына атсалысып,мешіт бастамасына әрдайым қолдау білдіретін  жамағатқа Алла Тағала екі дүние жақсылығын нәсіп етсін дегіміз келеді.