

Зағип жандарға «Рамазан қоржыны» үлестірілді
Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қоры және Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ұйымдастыруымен аймақтық Ақтау қаласындағы «КОС Қазақ соқырлар қоғамы» мекемесіндегі зағип жандарға «Рамазан қоржыны» үлестірілді.
Қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған шара барысында ораза ұстаған зағип жандарға азық-түлік салынған қораптар берілді.Сондай-ақ,облыстық мешіт қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі жандарды қасиетті Рамазан айымен құттықтап,дендеріна саулық тілеп,жылы лебіздерін білдірді.