Юнус Қадырқұлұлы «Маңғыстау» радиосында қонақта болды
«Ислам және дәстүр құндылығы»жылы аясында РАНТ мүшесі, Ақшұқыр ауылдық мешітінің бас имамы Юнус Қадырқұлұлы «Маңғыстау» радиосында қонақта болып,»Кешірімділіктің ислам дініндегі орны» тақырыбында ой өрбітті.
Сұқбат барысында кешірімді болу – адам бойынан табылатын ең ізгі қасиеттің бірі екендігін айтып,кешірімді болу – жаратқанның бұйрығы,Пайғамбар сүннеті екендігін түсіндірді.Юнус Қадырқұлұлы өз сөзінде:
«Кешірім жасау – кеңдік, кешіре алмау – кемдік» деп өсиет қалдырған. «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ» болмайды, адам болғасын қателесуі заңды. Алайда кешіре білгеніміз, бір-бірімізге кешірімді болғанымыз абзал.Өмір болған соң біріміз-бірімізге ренжиміз, біреуге өкпе артамыз. Алайда Алланың әміріне бойсұнып, адамзат арасындағы келеңсіз жағдайларға түсіністікпен, кешіріммен қарайтын болсақ, шешілмейтін түйін жоқ,-деді.
Жаратқан Алла біздің кешірімді, бір-бірін кешіре білетін көркем мінезді болуымызды нәсіп етсін!