Юнус Қадырқұлұлы “Ар-Рахман” мешітінде уағыз айтты
РАНТ мүшесі,Ақшұқыр ауылдық мешітінің бас имамы Асга Юнус Қадырқұлұлы Мұнайлы ауданы Атамекен ауылдық « Ар-Рахман» мешітінің жамағатымен кездесіп,уағыз-насихат айтты.
Құптан намазынан соң “Ғұламалардың өсиеттерінің маңызы” тақырыбында уағыз айтқан РАНТ мүшесі Имам Ахметтің құлшылықтың ләззәтына қалай жетуге болатыны және үш өсиеті жайлы түсіндіріп өтті.Одан бөлек,насихат соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
