

«ЫРЫС АЛДЫ-ЫНТЫМАҚ»ОБЛЫСТЫҚ МЕШІТ ЖАМАҒАТЫНЫҢ БАСҚОСУЫ ӨТТІ
«Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында қасиетті Ережеп айының құрметіне орай Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ұйымдастыруымен «Ырыс алды-ынтымақ» мешіт жамағатының рухани басқосуы өтті.
Берекеге толы рухани кеште Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы қасиетті Ережеп айымен құттықтап,осы жылы атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстырып өтті.Тұтастық пен ізгілікке бастау алар жамағат басқосуына Маңғыстау облыстық қажылар қауымдастығының төрағасы Қуанышбек қажы Спанұлы,мешіт ақсақалдары да қатысты.
Сонымен қатар,жиында РАНТ мүшесі,Ақшұқыр ауылдық мешітінің бас имамы Юнус Қадырқұлұлы «Рамазан-құлшылық айы» тақырыбына тоқталса,Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ұстазы Марат Жарылқапұлы «Шағбан айыныҢ артықшылығы» тақырыбында насихат айтты.Бірлігі жарасқан жамағат рухани уағыздар тыңдап, имани күш-қуат жинап қайтты.
Рухани кездесу соңы дәстүрді дәріптеу мақсатында жыр саңлағы Әзімхан Серікұлының жақұт жырымен жалғасты.Облыс бас имамы жамағаттың ауызбіршілігі үшін алғыс айтып,барша жамағатты береке мен бірлікте болуға шақырды.Кешке жиналған жамағат үлкен әсер ала отырып, өз алғыстары мен ізгі тілектерін білдірді.Шара соңында ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасалып,Құран аяттары оқылды.