“Ыбырайым ахун”мешітінде Құрбан айт мерекесі тойланды
Бүгін Құрбан айт мерекесіне орай Бейнеу аудандық «Ыбырайым ахун Құлбайұлы» мешітінде Құрбан айт намазы оқылып болған соң,мешіт ауласында мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Аудан бас имамы Адайбек Мақанұлының бастамасымен жүзеге асқан шара барысында мешіт ауласына қазақы үй тігіліп,ақ дастархан жайылып, жамағат арасында қазақша күрес, гір көтеру, арқан тартыс және өзге де ұлттық ойын түрлерінен сайыстар өтті.Жеңімпаздарға мешіт атынан арнайы сыйлықтар табысталды.Бұдан бөлек, бүлдіршіндерге көңіл күй сыйлау мақсатында балаларға Құрбан айт тәттілері таратылды.






