blog Images

«Ыбырайым ахун Құлбайұлы» мешіті: Құрбан айт мерекесі тойланды

Бейнеу аудандық «Ыбырайым ахун Құлбайұлы» мешітінде Құрбан айт мерекесі атап өтілді.

Аудан бас имамы Адайбек Мақанұлының бастамасымен жүзеге асқан шара барысында қазақша күрес, гір көтеру, арқан тартыс және өзге де ұлттық ойын түрлерінен сайыстар өтті. Бұдан бөлек, кішкентайлар үшін арнайы батут орнатылып, 500 балаға тәтті сыйлықтар салынған «Құрбан айт базарлығын» үлестірілді.