blog Images

«Ыбырайым ахун» мешіті:Құрбан айт мерекелік дастарханы жайылды

Құрбан айт мерекесіне орнай Бейнеу аудандық «Ыбырайым ахун Құлбайұлы» мешітінің ұйымдастыруымен жамағатпен Құрбан айт мерекелік дастарханы жайылды.

Мерекелік жиынға Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ұстазы Марат Жарылқапұлы,«Сайын Шапағатов»мешітінің имамы Досанов Арман арнайы қатысып ,Құрбан айт мерекесінің мән-маңызын түсіндіріп, жамағатқа насихат айтты.

Сондай-ақ  спорттық шаралар,гір тасын көтеруі,ләңгі тебу сияқты ойындар өткізіліп,жамағат арасынан «Белсенді жамағат» номинациясы беріліп,мешіт қызметкерлеріне алғыс хаттар,сыйлықтар тарту етілді.