“Ыбырайым ахун” мешітінде Құранды жатқа оқудан сайыс өтті
Бейнеу аудандық “Ыбырайым ахун Құлбайұлы” мешітінде қасиетті Рамазан айының құрметіне орай,”Құран түскен құтты ай” атты Құранды жатқа оқудан сайыс өтті.
Сайыста Құранды тәджуид қағидасына сай, қатесіз оқу, Құран оқу барысында оқу тазалығы және көркем оқылуы, қойылған сұраққа мүлтіксіз жауап беріп, қатесіз толық жауап беру сынды өзіндік ережелері сақталды.Жанашыр жамағаттың демеушілігімен өткен сайыс соңында жеңімпаз атанғандарға арнайы сыйлықтар берілді.



