blog Images

«Ыбырайым ахун» мешітінде кезекті айлық отырыс ұйымдастырылды

Бейнеу аудандық «Ыбырайым ахун Құлбайұлы» мешітінде желтоқсан айындағы жамағаттың айлық отырысы ұйымдастырылды.

Игі шараға Сайын Шапағатов ауылдық мешітінің наиб имамы Досанов Арман Азанхулович арнайы келіп жамағатқа ауызбіршілік,бауырмалдық жайлы уағыз-насихат айтып, жиналған көпшілікті рухани нәрмен сусындатты.

Дәстүрге айналған айлық шаралардың мақсаты Маңғыстау облысы мешіттері жамағатының ауызбіршілігін арттыру, ынтымақтастығын нығайту, бауырмалдық қатынастарын күшейту екендігін айта кеткеніміз жөн.