blog Images

«Ыбырайым ахун» мешітінде айлық отырыс ұйымдастырылды

Бейнеу аудандық «Ыбырайым ахун Құлбайұлы» мешітінде қараша айындағы жамағаттың айлық отырысы ұйымдастырылды.

Игі шараға «Әбіш қожа» мешітінің бас имамы Тілеумағамбетов Қажымұқан,»Шаңырақ» мешітінің бас имамы Әлбетов Еркеғали,»Төлей ишан» мешітінің ұстазы Ережеп Ердос арнайы келіп жамағатқа ауызбіршілік,бауырмалдық жайлы уағыз-насихат айтып, жиналған көпшілікті рухани нәрмен сусындатты.

Дәстүрге айналған айлық шаралардың мақсаты Маңғыстау облысы мешіттері жамағатының ауызбіршілігін арттыру, ынтымақтастығын нығайту, бауырмалдық қатынастарын күшейту екендігін айта кеткеніміз жөн.