Ұстаз Нұрәлі Бақытұлы Қараман ата жер асты мешітіне зиярат жасады
Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Нұрәлі Бақытұлы арнайы іссапармен Маңғыстау облысында болды.
ҚМДБ тарапынан жүзеге асып жатқан «Darhan Dala» жобасы аясында ұстаз Нұрәлі Бақытұлы,мешіт имамдары Маңғыстау өңіріндегі, Шетпе кентінен 35 км қашықтықта орналасқа Қараман ата жер асты мешітіне зиярат жасады.
Аңыз бойынша Қараман ата әділетті, ілімі жоғары, ақты ақ, қараны қара деп айтатын шыншыл адам болған.Ал Қараман ата жерасты мешітіне түсу үшін баспалдақпен жердің астына қарай түсуі керек. Ол 3 бөлмеден тұрады: кіреберіс бөлме, оған жалғасқан намаз оқитын зал және Қараман ата жерленген дөңгелек бөлме. Оның аумағы 4,02 га жерді қамтиды. Мешіттің ерекшелігі — жердің астында орналасуы.