blog Images

Ұлы Отан соғысында шейіт болған марқұмдар рухына Құран бағышталды

«Ер есімі ел есінде» демекші, 9-мамыр Жеңіс күні  Маңғыстау облыстық орталық “Бекет ата” мешітінде Ұлы Отан соғысында шейіт болған марқұмдар рухына Құран бағышталды.

Халық батырларын еске алу шарасына Маңғыстау облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Төлетов Серікбай , Ақтау қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Қартбай Аманжол, тыл ардагерлері Әлібекұлы Күнбетбай , Қазиев Данабай, Қуаналин Ізмырза, Атамбоз Қарасай,Әльжанов Есіркеп, Қарабасов Құдайберген, Ахметов Ақылбек ақсақалдар арнайы қатысты.

Облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы «Келер ұрпаққа көрсетер үлгі-өнегесі мол ардагерлер қандай да болсын құрметке лайықты. Өйткені, сіздер – саналы ғұмырларыңызда оққа төсін тосып, отқа қарсы шапқан, ел қорғап, халыққа қызмет ету нәсіп болған жансыздар. Біз сіздер жасаған ерлікке қашан да бас иеміз. Алла Тағала сіздерге амандық, отбасыларыңызға береке бергей», – деп ардагерлерге өз алғысын білдірді.Сондай-қасиетті Құран аяттарын еліміздің бейбітшілігі үшін күрескен барша батырлардың рухына бағыштады.

Жиын соңында Әнуар Ізімбайұлы  бірнеше ардагерге “Бекет ата мешітіне-20 жыл” атты арнайы төсбелгілерді табыстады.