

Түзету мекемесіндегі 200 азаматқа ауызашар берілді
Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай,ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық қоры»мен Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ұйымдастыруымен Маңғыстау облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №77 түзету мекемесінде жазасын өтеуші 200 азаматқа ауызашар дастарқаны жайылды.
Ауызашарда облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Байкенже Оңғарбаев сотталғандармен сөйлесіп, уағыз айтты. Діни қызметкер қасиетті оразаны сақтау негіздері туралы әңгіме өрбітті. Жазасын өтеп жатқан азаматтар қызығушылықпен тыңдап, көкейдегі сұрақтарын қойып жауап алды. Кездесу соңында имам істі болған азаматтарды түзу жолға түсуге шақырып, оларға туыстары мен жақындарының арасында тезірек оралуына тілектестік білдірді.