blog Images

Түпқараған ауданына жаңа бас имам тағайындалды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Түпқараған аудандық орталық мешітіне  бас имам қызметіне Бежен Серікболат тағайындалды.

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы  бас мүфти бұйрығын оқып,құлшылық үйінің ұжымы мен жамағатына  бас  имамдық қызметке тағайындалған жаңа қызметкерді таныстырды.Сондай-ақ,осы уақытқа дейін Жаңаөзен қаласы Теңге ауылдық Қосай ата мешітінің наиб имам қызметін атқарып келген Бежен Серікболаттың діни саладағы білімі мен тәжірибесін айрықша атап, алдағы еңбек жолына сәттілік тіледі.

Айта кетейік,Бежен Серікболат жоғары білім аяқтаған білікті дін қызметкері.Бұған дейін «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық ислами діни бірлестігінің «Сарыағаш медресе колледжі мен Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетін аяқтаған.