Түпқараған аудандық мешітіндегі діни кітаптарға тексеріс жүргізілді
Діни кітаптарға сараптама жүргізу жұмыстарын Маңғыстау облыстық орталық “Бекет ата” мешітінің наиб имамы Байкенже Серікбайұлы тексеріп, зерделеді.
Негізгі мақсаты – мешіт аумағындағы діни дүкендерде және мешіт сөрелеріндегі кітаптардың көпшілік оқырман қауымға арналған Ханафи мәзһабы, Матуриди сенім мектебі – дін мен дәстүрге сай діни әдебиеттердің ғана қолданылуын қадағалап отыру. Ел арасында ағымдарды насихаттайтын діни кітаптардың таралуына жол бермеу және алдын алу болып табылады.



