«Төлей ишан» мешіті: Наиб имам жастармен кездесті
Бүгін «Жастар үйі» ғимаратында Ақтау қаласы әкімдігінің «Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Ғаламтор – діни ұстаз емес» атты кездесу өтті.
Кездесуге Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылдық «Төлей ишан» мешітінің наиб имамы Қажымұқан Дауылбайұлы және Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығының Дін мәселелері бойынша ақпараттық-талдау бөлімінің теолог маманы Өмірбек Мұхамбетұлы қатысты.
Шара барысында ғаламтор желісінен алынатын ақпараттың дұрыс, не бұрыстығын ажырата білу қажеттілігі сөз болды.
Кездесу соңында жастар дін мамандарына көкейлерінде жүрген сан түрлі сұрақтарын қойып, олармен пікір алмасты.