

Темірлан Дарханұлы түзету мекемесіндегі азаматтармен кездесті
ҚМДБ Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі Темірлан Дарханұлы Маңғыстау өңіріне іссапар барысында ҚР ІІМ ҚАЖ Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД №77 мекемесіндегі жазасын өтеушілермен кездесу өткізді.
Бас бостандығынан айырылған жандармен жалпы түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында жүзеге асқан іс-шара барысында Темірлан Дарханұлы «Исламдағы бауырмалдық» тақырыбында насихат айтып,тұшымды ойларымен бөлісті. Жазасын өтеушілер тарапынан қойылған сұрақтарға кеңінен жауап берді.