blog Images

“ Тәуелсіздік ұрпаққа аманат” атты рухани кеш өтті

Жаңаөзен қаласының маңындағы Рахат ауылдық“Оразмағанбет ахұн Тұрмағанбетұлы” мешітінің ұйымдастыруымен “ Тәуелсіздік ұрпаққа аманат” атты рухани кеш өтті.

Рухани кеште мешіттің бас имамы Адаев Оразбай “Тәуелсіздік қадірі” туралы уағыз айтты. Игі шара барысында  жамағат арасында ұлттық ойындардан сайыс өткізіліп, “ Гір тасын көтеру”, “Ләңгі тебу”, “ Мақал – мәтел сайысы” өткізіліп жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен  марапатталды. Кешті мешіттің наиб имамы Қуат Рахматулла “Тәуелсіздік – ұрпаққа аманат” атты уағызбен тәмәмдады.