

«СЫРҒА ТОЛЫ-РАМАЗАН» ЖАЗБА АҚЫНДАРДЫҢ ЖЫР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ұйытқы болуымен «Сырға толы-Рамазан» атты жазба ақындардың жыр мүшәйрасының қорытынды сайысы өтті.
Облыстық жазба ақындардың жыр байқауында ақын Сұлтанбек Құдайберген,ақын Жұмагүл Мұрсалова, ақын Анар Шәмшадинова және облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы қазылық етті.Байқаудың сарапшылары үміткерлердің өнерін бағалау кезінде талапкерлердің өлеңді таңдау талғамына, өлең-жырларындағы сөз қолданысына, ұйқасына, ой тереңдігіне, көркемдік ерекшелігіне, тіл тазалығына мән берілді.Байқау қорытындысы бойынша:
І орын- Мейрамбек Ордабек (50 000 теңге қаржылай сыйлық)
ІІ орын- Алшын Сүйеу (30 000 мың теңге қаржылай сыйлық)
ІІІ орын -Бақтыбай Жайлау (20 000теңге қаржылай сыйлық)
Ынталандыру сыйлығы: Аллаберген Қонарбаев (5000 т),Оралбек Қосай (5000теңге) мараптатталды.Жазба ақындардың шығармашылығын қолдау мақсатында өткен шара барысында облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы байқауға қатысқан жандарға өз алғысын айтып,тағылымы мол игі шаралар алдағы уақытта жалғасын табатындығын атап өтті.