blog Images

Сүйінші! Ақтау – Бейнеу – Жаңаөзен тас жолында намазхана ашылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысындағы өкілдігі және «Көмек Жаңаөзен» қорының ұйытқы болуымен Қарақия ұшпағы Ақтау – Бейнеу – Жаңаөзен тас жолының бойында намазхана ашылды.

Халықтың сұрауы бойынша тұрғызылған намазхананың ашылуына Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы, Жаңаөзен қаласының бас имамы Қажымұқан Дауылбайұлы, жергілікті дін қызметкерлері және «Көмек Жаңаөзен» қорының өкілдері қатысты.

Ендігі жерде жолаушылар ауа-райының қолайсыздығына қарамастан құлшылық-ғибадаттарын алаңсыз атқара алады. Намазхана аптасына 7 күн, тәулік бойы жұмыс істейді. Ер және әйел азаматтарға бөлек бөлмелер қарастырылған.