

«Сүйінғара батыр» мешітінде 35 отбасыға қайырымдылық көмек берілді
«Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында ҚМДБ Маңғыстау облысы «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйтқы болуымен Қарақия ауданы Жетібай ауылдық Сүйінғара батыр мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.
Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі.Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында ұйымдастырылған қайырымдылық шарасы барысында ҚМДБ РАНТ мүшесі, «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев көмекке мұқтаж 35 отбасыға азық-түліктер салынған қораптарды үлестірді.Сондай-ақ,Мақсатбек Мақсотұлы көмек алған жандарға насихат айтып,сынаққа мойымауға шақырды.