blog Images

“Сүйінғара батыр” мешітінде 35 отбасыға қайырымдылық көмек берілді

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Жетібай ауылдық “Сүйінғара батыр” мешітінде “Рамазан сыйы” акциясы аясында 35 отбасыға қайырымдылық көмек берілді.

Дініміз Исламда мұқтаждарға көмек көрсету аса сауапты амал делінген. Ізгілікке бағытталған  шара барысында аз қамтылған және көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі т.б санаттағы 35  отбасыға азық-түлік таратылды.Қайырымдылық акциясына мешіт имамдары мен қызметкерлері атсалысты.Көмекке ие болған отбасылар өз алғысын білдіріп,жұмыстарына береке тіледі.