blog Images

«Шетпе» мешітіне жаңа имам тағайындалды

ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы «Шетпе»мешітіне уақытша бас  имам қызметіне  Таушанов Дархан Жаңабайұлы тағайындалды.

Бас мүфти бұйрығын Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Қобланов Іздібай оқып, құлшылық үйінің ұжымы мен жамағатына уақытша бас  имамдық қызметке тағайындалған Таушанов Дархан Жаңабайұлын таныстырды.

Сондай-ақ, Таушанов Дархан Жаңабай ұлы осы уақытқа дейін Маңғыстау аудандық орталық «Шетпе»мешітінде наиб имам қызметін атқарған.