Шетпе мешітінде жамағат арасында білім сайысы өтті
“Ислам және отбасы құндылығы” жылы аясында Маңғыстау аудандық Шетпе мешітінің ұйымдастыруымен Шағбан айының құрметіне орай жамағат арасында білім сайысы өтті.
Мешіт жамағатының діни сауатын арттырумен қатар білімдерін тексеру, шапшаң ойлай білуге дағдыландыруға бағытталған сайыс Пайғамбарымыздың (с.а.с) өмірбаяны бойынша сұрақ-жауап түрінде өткізілді.Сайыс соңында жүлделі жеңімпаздарға алғыс хат пен 100 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлықтар табысталды.


