Шариғат және Пәтуа бөлімінің маманы түзету мекемесінде болды
ҚМДБ Шариғат және Пәтуа бөлімінің маманы,исламтанушы Бауыржан Әбдуәлі Маңғыстау өңіріндегі іс-сапар барысында ҚАЖД қарасты №77 мекемесінде оқшауланған айма қта жазасын өтеуші азаматтармен жеке кездесу өткізді.
Бөлім маманы №77 мекемесінде оқшауланған аймақта жазасын өтеуші сотталған азаматпен діни оңалту бағытында сұқбат жүргізіп,жат ағымның қоғамға тигізер зияны жайлы айтып,қойылған сұрақтарға шариғат шеңберінде жауап берді.