blog Images

«Шаңырақ»мешіті «Мектепке жол»қайырымдылық акциясына үлес қосты

Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінде 15 балаға мектеп құралдары мен киім-кешек табысталды.
 Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық науқаны биыл да өз жалғасын тапты. Игі іс-шара барысында 15 балаға мектеп сөмкелері, оқу құралдары және қажетті киім-кешек үлестірілді.

Бұл қайырымдылық акциясы “ҚМДБ” Республикалық ислами діни бірлестігінің бастамасымен, ел көлемінде бір мезгілде өтіп келеді. Мақсат – жаңа оқу жылында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балаларын қуанышқа бөлеу, олардың білім алуына қолдау көрсету.

Іс-шараға қатысқан Жаңаөзен қалалық мешітінің бас имамы Еркеғали Сағынбайұлы оқушыларға білімнің артықшылығы мен маңыздылығы жөнінде насихат айтып, оларды сабақтарын жақсы оқуға және ата-ананың үмітін ақтауға шақырды.

— «Білім — адам баласының ең үлкен қазынасы. Оқу мен ізденіс арқылы ғана біз өмірімізді нұрландырамыз, елімізге пайда тигіземіз», — деп атап өтті бас имам.

Мешіт ұжымы мен қайырымдылыққа атсалысқан барша жандарға алғыс айтылып, балаларға жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.