blog Images

«Шаңырақ ш/а» мешітінің бас имамы сарбаздармен кездесті

«Шаңырақ ш/а» мешітінің бас имамы, ЖАНТ мүшесі Еркеғали Сағынбайұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының 5548 әскери бөлімінде болды.

Әскери бөлім сарбаздарымен өткен кездесу барысында Еркеғали Сағынбайұлы «Өз-өздеріңді өлтірмеңдер» тақырыбында насихат айтып, суицидтің тығырықтан шығар жол емес екеніне тоқталып, бұл әрекетке қатысты Құран аяттары мен ардақты пайғамбарымыздың хадистерінен нақты дәлелдер келтірді.