blog Images

“Шаңырақ” мешіті:Қала тазалықшыларына “Рамазан қоржыны” берілді

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай,Жаңаөзен қалалық “Шаңырақ” мешітінің ұйытқы болуымен қала тазалығын қамтамасыз етіп отырған   тазалық мекемесінің қызметкерлеріне “Рамазан қоржыны” үлестірілді.

Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан қала  көшелерінің таза болуы үшін күні-түні еңбектеніп жүретін қала тазалықшыларын қолдау мақсатында өткен игі шарада  мешіт қызметкерлері 25 еңбек қызметкерлеріне азық-түлік салынған “Рамазан қоржынын” таратып, қоғам игілігі үшін қызмет атқарып жүрген еңбекқор жандарға алғыс білдіріп, жасап жатқан қызметтері үшін Алладан мол сауап тіледі.