“Шаңырақ” мешітінде “Ораза айт” мерекесі аталып өтті
Асыл дініміздің басты мерекелерінің бірі Ораза айт мерекесі «Шаңырақ» мешітінде аталып өтті. Таң сәріде «Шаңырақ» мешітіне келген жамағат Айт намазын оқыды.
Айт намазынан кейін мешітке келген жамағат бір-бірін мерекемен құттықтап, мешіттің ұйымдастыруымен жайылған мерекелік дастарханнан дәм татты. Мешітте жас бүлдіршіндерге айттық тәттілер жасалып мәз мейрам болды.Және де ер азаматтарымызға қазақтың төл дәстүрлі асық ату, қол күрес, гір көтеру, садақ ату, арқан тартыс, ләңгі тебу ойындары ұйымдастырылып аламанда оза шапқан жеңімпаздарға Жаңаөзен қаласының мешіттері ұжымының атынан арнайы сый-сияпат жасалып, жүлделері табыс етілді.



