“Шаңырақ” мешітінде “Орамал-оттан қорған” атты жиын өтті
“Ислам және отбасы құндылығы”жылы аясында Жаңаөзен қалалық “Шаңырақ” мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Орамал-оттан қорған» атты рухани шара өтті.
Жалпы жиында орамалдың қалай пайда болған тарихы,орамал туралы уағыз-насихат,шариғаттағы орамал тағу үлгісі жайлы айтылды.Шараға 45 әйел-қыздар жамағаты қатысты.«Сыйлық алмасыңдар, бір-бірлеріңе деген махаббаттарың артады»деген хадисті негізге ала отырып,жамағат бір-біріне хадия сыйлықтар табыстады.
