

«Шаңырақ» мешітінде «IQRO QUIZ» интеллектуалды білім сайысы өтті
«Ислам және отбасы құндылығы»жылы аясында Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінің ұйымдастыруымен мешіт жамағаты арасында «IQRO QUIZ» интеллектуалды білім сайысы өтті.
Жамағаттың ауызбіршілігін,бірлігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған сайыста жамағатқа бауырмалдық,бірлік жайлы насихат айтылды. Ақыл мен ойдың ұшқырлығы сыналған білім додасының нәтижесінде жеңімпаз атанғанған жандарға арнайы сыйлықтар табысталды.