«Шалқыбай ата мешіті»:15 отбасыға қыстық киім үлестірілді
Бейнеу ауданы Сыңғырлау ауылдық «Шалқыбай ата» мешітінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өткізілді.
Аталмыш қайырымдылық аясында әлеуметтік жағдайы төмен он бес отбасыға ересектер мен балаларға арналған қыстық жылы киім-кешектер берілді.
Қайырымдылық – сауабы мол амалдың бірі. Алла Тағала «Әли-Ғимран» сүресінде:
«Жақсы көрген нәрселеріңді, (мысалы дүние-мүлік, күш-қуат, ақыл, білім, т.б.) Алла жолында жұмсамайынша, шынайы түрде жақсылыққа қол жеткізе алмайсыңдар», – деп баяндаған.
Шара соңында көмек алған отбасылар ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.