blog Images

«Ержан Хазірет» мешіті: Шәкірттер кітапханаға саяхат жасады.

Ақтау қаласында орналасқан «Ержан Хазірет» мешітінің ұстаздары Айнұр Өмірзаққызы мен Мамадияр Рыскүл бастаған шәкірттер Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасында болды.

Балалардың ой-өрісін кеңейту, кітап оқуға ынтасын арттыру мақсатында ұйымдастырылған шара барысында шәкірттер кітапхана жұмысымен, кітап қорымен танысты.

Бұдан бөлек олар зағип жандар мен көзі нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде болды. Бөлім жетекшісі кішкентай қонақтарға зағип жандардың кітап оқуға деген құлшынысы, ықыласы туралы айтып берді.