Серік қари Полатхан Маңғыстаулық қарилармен кездесті
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында ҚМДБ Құран секторының меңгерушісі Ахмет Серік Полатханұлы Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде Маңғыстаулық қарилармен кездесу өткізді.
Кездесуге облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы,ҚМДБ Құран секторының Маңғыстау облысы бойынша жауапты маманы Қарыапыз Абділлахат арнайы қатысты.Жиында халықаралық Құран жарыстарына дайындалу,ең қайырлы үммет Құран үйреніп, оны басқаларға үйретушілер екенін айта келе, Құран жаттаған адамның мол сауапқа иеленетінін әрі дәрежесі жағынан үнемі өзгелерден жоғары тұратындығы жайлы айтылды.
«Алла Тағала кез келген пендесіне Құранды толық жаттап шығу нығметін нәсіп ете бермейді. Бұл – үлкен бақыт. Қари адамның мінез-құлқы да Құранға ұқсауы тиіс. Қари болу – үлкен жауапкершілік әрі көп адамға бұйыра бермейтін нығмет. Ал сіздер осынау бақытқа кенеліп отырсыздар. Алла Тағала зейіндеріңізді арттырсын. Қазір біз елімізде қарилар санын арттыру мақсатында үлкен игі жобаларды жүзеге асырып келеміз. Мақсатымыз – Құран жаттаған жандарды жігерлендіріп, олардың қатарын арттыру», – деді облыс бас имамы.
Айта кетейік,өткен жылы Ақтау қаласында Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХІІ республикалық байқау өткізілген болатын.Сондай-ақ Маңғыстау өңірінінен шыққан Нағманов Нағи қари,Сақи қари Республикалық Құран жарыстарынан бас жүлдені иеленген .Жуырда өткен халықаралық Құран жарысына Маңғыстаулық Абдулғани қари қатысып, бақ сынаған болатын.