blog Images

Сайын Шапағатов мешітінде білім сайысы өтті

“Ислам және отбасы құндылығы”жылы аясында Сайын Шапағатов ауылдық мешітінің ұйымдастыруымен білім сайысы өткізілді.

Жамағаттың діни сауатын арттырумен қатар  білімдерін тексеру, шапшаң ойлай білуге дағдыландыруға бағытталған сайыс топтық түрінде ұйымдастырылып,Құран, тәжуид, ақида, фиқһ, ислам тарихынан сұрақтарға жауап беру негізінде өтті.Сайыс соңында жүлделі жеңімпаздарға алғыс хат пен сыйлықтар табысталды.