blog Images

Сайын Шапағатов мешіті:Жамағат арасында топтық сайыс өтті

Түпқараған ауданына қарасты Сайын Шапағатов ауылдық мешітінің ұйымдастыруымен жамағат арасында  «Оқу-ағарту», «Дін мен дәстүр», «Ихсан ілімі» бағыттары аясында Ақида, Фиқһ, Ислам тарихы пәнінен топтық сайыс өтті

Діни білім мен біліктілікті  сараптау мақсатында өткен сайыста үш адамнан құралған 8 топ өзара бақ сынасты.Қатысушыларға аталған дәрістерден тест сұрақтары беріліп,нәтижесінде жеңімпаз атанған топтарға бағалы сыйлықтар үлестірілді.Шара соңында ақ дастархан жайылып ас беріліп, уағыз насихатпен жалғасын тапты.